Ақтөбе облысында полицейлер гастролер-ұрыны қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Ақтөбе облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері гастролер-ұрыны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы хостелдердің бірінен Toyota Camry автокөлігін ұрлау фактісі бойынша жедел іс-шаралар өткізу кезінде көрші облыстың 33 жастағы тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, күдікті пәтер ұрлығы кезінде көліктің кілтін тауып, ұрланған заттарды тиеп алып көлік құралын айдап кеткен.

Автокөлікті айдап әкету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұсталған адамның бірнеше облыста автокөлік айдап әкету және пәтер ұрлығын жасағаны анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды