Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 млн теңге пара алған әйелге қатысты тергеу аяқталды

Фото: Telegram/Jogargy_sot
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров 7 тамызда өткен брифингте Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетіп беремін деп алдаусыратып, пара алған елорда тұрғынына қатысты істі тергеу аяқталғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сотталған Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша Антикор сотқа дейінгі тергеу жүргізгенін еске салды.

"Ол Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен аса ірі көлемде алаяқтыққа оқталуға, яғни алдау арқылы 100 млн теңгені иемденуге күдікті ретінде танылды. Сонымен қатар, күдіктінің іс – әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу ретінде сараланады", — деп толықтырды Данияр Бигайдаров.

Оның айтуынша, оның қылмыстық әрекеттердің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр.

"Оған қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу аяқталды. Қылмыстық іспен танысу жалғасуда", — деп қорытындылады спикер.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 13 мамырында Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. 21 маусымда Астана тұрғыны Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінгені белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз