Ақтөбе облысында кәріз сорғысына түскен жұмысшылар уланып қалды – екі адам қаза тапты

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында 58 жастағы екі ер адам кәріз сорғы станциясында уланып, қаза тапты. Тағы екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар "Ембі жылу" КСС-3-тен екі ер адамның денесін алып шыққан. Марқұмдардың 58 жаста екені айтылады. Метаннан уланған тағы екі адам жедел жәрдем көлігімен Ембі ауруханасына жеткізілді.

"1971 және 1978 жылы туған ер адамдар соматикалық бөлімге жатқызылды, детоксикация терапиясы жүргізілуде. Жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде", деп "Диапазон" жергілікті  басылымы облыстық денсаулық сақтау басқармасының түсініктемесін келтіреді.

Облыстық полиция департаменті ҚР ҚК-нің 156-бабы, 4-бөлігі, "Еңбекті қорғау ережелерін бұзу" бойынша тергеудің басталғанын хабарлады.

Бұған дейін Балқаштағы демалыс орындарының бірінде жаппай улану фактісі тіркелгені хабарланған: 18 адам емделуде, барлығы 29 адам ауруханаға көмекке жүгінген.


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Қазақстанда бала туғаны үшін қанша төленеді және оны қалай алуға болады