Алматы тауларында түн ортасында жасөспірім жоғалып кетті

Фото: Zakon.kz
27 тамызда кешке Алматы тауларында жасөспірім топтан артта қалып қойып, жоғалып кетті. Оны іздеу шаралары алты сағатқа созылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының мәліметінше, бес жасөспірім Іле Алатауы Проходное шатқалында орналасқан Қасқабас тауына шыққан.

"Төмен түсерінде біреуінің халі нашарлаған. Әлсіздік, жүрек айнуы, бас айналуы және қан қысымының төмендеуі пайда болған. Осындай халінің әсерінен топтан қалып, адасып кеткен. Төмен түскен жолдастары таба алмаған соң, құтқарушыларды шақыруды шешкен",- делінген ведомство хабарламасында.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары 6 сағаттық түнгі іздестіру-құтқару жұмыстарынан кейін жоғалған жасөпірімді тауып, төменге жолдастарына түсірді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Сондай-ақ, құтқарушылар таулы жерлердегі қауіпсіздік ережелерін еске салды:

27 тамызда Алматы тауларында жарақаттанған жасөспірім құтқарылғаны хабарланды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін