Алматы тауларында жарақаттанған жасөспірім құтқарылды
Сурет: pixabay
Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында туристік маршруттан өту кезінде 2010 жылы туған жасөспірім құлау салдарынан басынан, қолынан, аяғынан жарақат алып, өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылардың ақпаратынша, 27 тамызда түнде республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу оқиға орнына шыққан.
Түнгі уақытқа қарамастан зардап шегушіні 15 және 16 жастағы үш досымен бірге тез тауып алды.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Мұқтаж адамға алғашқы көмек көрсеткен құтқарушылар таудан жас туристер тобын түсіріп, зардап шегушіні АМО қызметкерлеріне, ал қалған балаларды туыстарына аман-есен тапсырды.
Бұған дейін Атырау қаласы маңында үш бала Жайық өзеніне батып кеткені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript