Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды

Алматы облысының тауларында аяғынан жарақат алған ер адам құтқарылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2025 17:23 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Алматы облысы Талғар ауданындағы Сол жақ Талғар шатқалында демалыста жүрген туристік топтың бір мүшесі аяғынан жарақат алып, өздігінен жүре алмай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу аттанды. Құтқарушылар зардап шеккен азаматқа жету үшін таулы, қиын жолдармен жаяу жүруге мәжбүр болды.

"Оқиға орнында зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол арнайы зембілмен, 3200 метр биіктікте орналасқан, тік және тасты тау соқпақтарымен төмен қарай эвакуацияланды",- деп мәлімдеді құтқарушылар.

Құтқару жұмыстары күрделі жағдайда өтті: қиын жер бедері, сондай-ақ зардап шеккен адамның салмағы 90 келіден жоғары болған. Соған қарамастан, құтқарушылар кәсіби және үйлесімді әрекет етті.

"ҚР ТЖМ құтқарушыларының табандылығы мен қажырлы еңбегінің арқасында ер адам сәтті эвакуацияланып, Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырылды",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ақмолалық азаматтың екі жыл бойы жетімдерге берілетін пәтерде тұрып келгені хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: