Алматы тауларында қытайлық турист жарақат алып қалды
Сурет: 109 құтқару қызметі
17 маусым күні кешке Алматы қаласының құтқарушылары "Үш ағайынды" шыңында жарақат алып, өз бетімен төмен түсе алмай қалған Қытай азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына "БАУ" іздестіру-құтқару бекетінен бес құтқарушы мен бір техника бірлігі аттанды.
"Жоғары көтерілуге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Сағат 20:42-де құтқарушылар зардап шеккен туристі тапты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, төменге түсіру жұмыстары басталды. Дәл геолокация мен "109" құтқару қызметінің жедел әрекетінің арқасында шетелдік азамат тауда жалғыз қалып қоймай, уақытылы қажетті көмек алды", – деп хабарлады құтқару қызметі.
Бұған дейін Шымкентте сүйіктісін айуандықпен өлтірген жігіттің ісі сотқа жеткендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript