Астанада автобус әйелді қағып өлтірді

Фото: Zakon.kz
Астанада автобус жүргізушісі әйелді қағып кетті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде оқиға орнынан бейне тарады. Жазбадағы ақпаратқа сүйенсек, апат Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған.

Астана полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, апат қозғалысты бақылау үшін бағдаршам жоқ, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде орын алған. Мұндай жерлерде жүргізушілер ережелерде көрсетілгендей жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберуге міндетті.

"102 операторына Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойынша жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққаны туралы ақпарат келіп түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды". Астана ПД

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін Қостанайлық полицейдің "синтетика" таратқаны үшін 15 жылға темір торға тоғытылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді