Пышақпен қаруланған ер адам Астанадағы мешіттердің біріне кіріп, заңсыз сотталғандарды босатуды талап етті

Әлеуметтік желілерде 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана мешіттерінің бірінде түсірілген қолына пышақ ұстаған ер адамның бейнесі тарады. Елордалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram-дағы "Kris_p_bro" парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кадрлар Гете көшесі, 16 мекен-жайында (Сарыарқа ауданы) орналасқан мешітте түсірілген.

Астана қаласының Полиция Департаменті нақтылағандай, 102-арнасына қала мешіттерінің бірінде белгісіз адам келушілерге қауіп төндіргені туралы хабарлама келіп түскен.

"Оқиға орнына дереу полиция жасағы жөнелтілді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды".Астана қаласының Полиция Департаменті

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларына жан-жақты тексеру жүргізілуде.

1 қыркүйекте Алматы облысында өрт кезінде зардап шеккен ер адам көз жұмды.

Қазақстан Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: