Түркістан облысының тұрғынынан 3,5 келіден астам марихуана тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Түркістан облысының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, өз үйінде есірткі заттарын заңсыз сақтаған деген күдікпен ер адамды анықтады.

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның үйін тінту барысында, марихуанаға ұқсас есірткі заты бар ыдыстарды тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес алынған есірткінің жалпы салмағы 3,5 келіден асты.

Қазіргі уақытта есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, істің мән-жайы анықталуда.

Күдікті камауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты