RAMS CITY тұрғын үй кешенінің пайдалануға берілуі
RAMS CITY-дің сату бөлімінің басшысы Александр Федоровтың айтуынша, жобаның кешіктірілуне бірқатар факторлар әсер еткен.
"Осы мәселеге анықтама берейік. Жасалған шарттарға сәйкес нысан осы жылдың 1 шілдесінде аяқталуы тиіс еді. Алайда, бізге байланысты емес себептерге қатысты мерзім мәжбүрлі түрде ауыстырылған болатын. Бұған дейін бірқатар фактор болды. Бұл — карантиндік режим және карантиннен кейінгі кезең, 2022 жылдың басында болған қаңтар оқиғасы, сондай-ақ көрші елдердегі қиын геосаяси жағдай. Соның салдары біздің елімізге жабдықтар мен құрылыс материалдарын жеткізуге әсер етті. Яғни логистикалық тізбектің бұзылуы орын алды", — деп түсіндірді Федоров.
Оның сөзінше, RAMS CITY тұрғын үй кешенінің екінші кезеңінің пәтер кілттерін беру осы жылғы төртінші тоқсаннан бастап жоспарланған.
Сурет: RAMS QAZAQSTAN баспасөз қызметі
Компания төңірегіндегі қауесеттер
– Қазір "компания банкроттыққа ұшыраудың алдында тұр, ал оның басшылары мен бизнес иелері Түркияға қашып кетті" деген сөздер тарап жатыр, бұл қаншалықты шындыққа жанасады?
"Мұның бәрі жалған ақпарат! Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз. Кез-келген сұрақтар, мәселеге ашықпыз. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Сондай-ақ, біздің компанияның басшылығы тұрақты түрде Қазақстанда екенін атап өткім келеді. Шетелдік сапарлар жұмыс жобаларымен байланысты, себебі олар өздерінің жауапкершілік салаларында бизнес-процестерді басқаруға және бақылауға көп көңіл бөледі",- деді RAMS QAZAQSTAN компаниясы бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары Джем Джиритджи.
Мұнымен қоса, ресми өкіл RAMS QAZAQSTAN-ның — қазақстандық компания еншісінде екенін қадап айтты.
"RAMS QAZAQSTAN компаниясы өз қызметін 1997 жылдан бері жүргізіп келеді. Ол Қазақстанда құрылған. Сондықтан RAMS QAZAQSTAN — қазақстандық Компания! Шетелдік жобалардың барын ескерсек те, біз өзімізді ең алдымен қазақстандық компания екенімізді ұмытпаймыз! Біздің компанияның негізгі миссияларының бірі – тұрғындарымыздың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, осыған байланысты біз ағымдағы бизнес-процестердің тиімділігін арттыру мақсатында қайта құрылымдау бойынша тұрақты жұмыс жүргіземіз". Джем Джиритджи
Сурет: RAMS QAZAQSTAN баспасөз қызметі
Тақырыпты жалғастыра отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясы заң департаментінің басшысы Қуаныш Шынтеміров мынадай маңызды жағдайды нақтылады:
"Біз компаниямызға еш қатысы жоқ адамдардың әлеуметтік желілерде жазып жатқан жалған ақпаратын көрдік. Бұл жала жабу және Қазақстан нарығында 27 жылдық тәжірибесі бар компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіру болып табылады. Компанияның қызметі туралы жалған ақпарат таратып жатқан адамдармен біз заң жүзінде диалог жүргізетін боламыз". Қуаныш Шынтеміров
NEF UPTOWN жобасы жайлы
Джем Джиритджи NEF UPTOWN жобасы NEF тұрғын үй компаниясыныкы екенін атап өтті. Онда 2020 жылы RAMS QAZAQSTAN бас мердігер болған.
"2021 жылдың соңында NEF компаниясының құрылтайшылары RAMS QAZAQSTAN-ның қатысуынсыз жобаны өз бетінше жалғастыруға шешім қабылдады, осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өтті. Содан кейін NEF және RAMS QAZAQSTAN компаниялары арасындағы шартты заңды түрде бұзу процесі басталды",- деді маман.
Бұл ретте, NEF компаниясы заңды түрде (барлық нотариалды куәландырылған құжат, оның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу бойынша құжаттардың көшірмелері бар — ред.мысалы) барлық кредитормен және кредиттік міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дербес жүзеге асыруға, сондай-ақ сол кездегі Банк алдындағы борыштарды өтеуге және тұрғын үй кешенін уақтылы пайдалануға беруге міндеттелді.
"Іс жүзінде, 2022 жылдың соңынан бастап RAMS QAZAQSTAN осы жобаға бас мердігер ретінде қатысқан жоқ. Алайда, 2024 жылдың басында NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін орындай алмайтыны және тыйым салуларға байланысты "Nef Uptown" тұрғын үй кешенін пайдалануға беруге мүмкіндігі жоқ екені белгілі болды. Сол кезде жүзден астам үлескер өз пәтерлерін алу керек еді. Бізге бұл жағдай жайында "Nef Uptown" тұрғын үй кешенінің тұрғындары, сондай-ақ жобаның мердігерлері көмек сұрап жүгінгеннен кейін белгілі болды". Джем Джиритджи
Сондай-ақ, оның айтуынша RAMS QAZAQSTAN компаниясы бұл жағдайда үлескер болумен қатар, зардап шеккен тарап болып шықты, өйткені NEF бірлескен шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін өтемеген.
"Зардап шеккен тарап болып шыққан жекелеген тұлғалар да БАҚ өкілдерін тарта отырып, RAMS QAZAQSTAN компаниясының төңірегінде дүрбелең туғызу арқылы жеке мәселелерін белсенді түрде шешуге тырысуда. Дегенмен біздің бұл жобаға мүлдем қатысымыз жоқ. NEF компаниясының айналасында қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN компаниясы ресурстарды басқарушы компания түрінде қосу туралы шешім қабылдады. Және бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда: ұзақ уақыт бойы төленбеген электр энергиясы бойынша берешекті өтеу, қоқыс шығару және іргелес аумақты абаттандыру".Джем Джиритджи
Сурет: RAMS QAZAQSTAN баспасөз қызметі
RAMS QAZAQSTAN компаниясы мемлекеттік бағдарламаларға қатыса ма?
"RAMS QAZAQSTAN баспана салу бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен тендерлерге қатыспайтынын, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік желілерін пайдаланбайтынын және тек қана жеке қаражат тартатынын, жеке тұлғалардан сатып алынған жер учаскелерінде құрылыс жүргізетінін атап өту керек. "Қамқоршыларымыз" ретінде көрсеткен елдегі танымал фамилиялардың компанияға ешқандай қатысы жоқ екенін де қосқым келеді". Джем Джиритджи
Әңгімелесуді қорытындылай келе Джем Джиритджи RAMS QAZAQSTAN-ның нақты жоспарлары бар екенін және жақын арада компания халықаралық деңгейдегі бірқатар ауқымды жобаларды таныстыратынын тілге тиек етті. Бұл жайында нақты ақпарат БАҚ беттерінде жақын уақтытта жарияланады деп сендірді маман.
RAMS QAZAQSTAN – Қазақстанның құрылыс нарығындағы көшбасшыларының бірі.
1997 жылы құрылғаннан бері компания Алматыда 60-тан астам жобаны жүзеге асырып, 20 000-нан астам пәтер мен 4 000 000 м² тұрғын және коммерциялық жылжымайтын мүлікті пайдалануға берді.
Құрылыс компаниясы "комфорт", "бизнес" және "премиум" санаттарындағы үйлер салады. Компанияның жобалары Алматы қаласының сәулетін көркейтіп, болашақ ұрпақ үшін қолайлы жағдай жасайды.