Астанадағы станциялардың біріне тоқтаған жүк пойызындағы цистернадан күкірт қышқылы төгілген

Сурет: Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
2024 жылы 10 қыркүйекте елордада Астана станциясында жүк пойызындағы цистернадан күкірт қышқылы төгілгені анықталды. Бұл ақпаратты Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Департаменттің мәліметінше, Челябинск қаласынан Жаңатасқа бағыт алған жүк тасымалдаушы цистерналар Астана қаласындағы Астана станциясындағы парктердің бірінің екінші жолында тоқтағанда теміржол қызметкерлері цистернада жарық пайда болғанын, одан күкірт қышқылы төгілгенін анықтады.

"Департаменттің және Астана қаласындағы "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, күкірт қышқылының төгілу фактісіне байланысты атмосфералық ауа сынамаларын алды. Зерттеу нәтижелері бойынша, ауадағы зиянды заттардың деңгейі шекті рұқсат етілген мөлшерден аспағаны анықталды. Қазіргі уақытта күкірт қышқылының ағуы тоқтатылды, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", делінген хабарламада.

Айта кетсек, күкірт қышқылы – химиялық тұрғыдан өте белсенді және қауіпті заттардың бірі. Ол теріге, шырышты қабаттарға және тыныс алу жүйесіне қатты тітіркендіру әсерін тигізуі мүмкін.

Күкірт қышқылының булары мен аэрозольдерімен ұзақ уақыт байланыс болған жағдайда:

Сондықтан күкірт қышқылымен байланысқа түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау және зардап шеккен аймақтарды дереу суық сумен шаю қажет.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз