Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттер 11 жылға түрмеге тоғытылды

Фото: pexels
Қостанайлық полицейлер облыс орталығының әр бұрышына есірткіні жасырын қойып кетумен айналысқан екі жігітті анықтады. Оның бірі дене шынықтыру факультетінің студенті болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

kstnews.kz ақпаратынша, сотталған студент төртінші курста білім алады.

Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде 4 кг-нан астам синтетикалық есірткі — "А-PVP" тәркіленді.

Сурет: kstnews.kz

Сонымен қатар, электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.

Сурет: kstnews.kz

Табылған есірткінің құны қара нарықта шамамен 100 млн теңгені құрайды.

Осылайша, полицейлер айналымға 15 мыңнан астам дозаны жібермеді.

Сурет: kstnews.kz

Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен екеуі де 11 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Өскемендік полицейдің жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені хабарланды.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы