Орал полициясы тұрғыннан есірткі салынған 111 zip-пакет тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Зашаған полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге Орал қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

Оның Lada Priora автокөлігін тінту барысында зип-пакетке оралған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 19 қорап, 750 000 теңге сомасындағы ақша, Stalker пневматикалық тапаншасы, сондай-ақ орындықтардың арасынан жасыл түсті заты бар бір зип-пакет және жиналмалы пышақ табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар оның гаражын тінту барысында ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған қорап, жасыл түсті сұйықтық құйылған 5 литрлік пластикалық бөтелке, жасыл түсті өсімдіктері бар екі ыдыс, есірткі зертханасына арналған құрылғылар, электронды таразы, ТОЗ БМ мылтық, 90 зипке оралған өсімдік тектес зат салынған қорап және өсімдік тектес заты бар полимерлі 1 зип-пакет және пластикалық гранатаның муляжы табылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ‎

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз