Израильдің шабуылынан Ливанда 105 адам қаза тапты

Сурет: wikimedia
Ливанда Израильдің шабуылынан соңғы тәулікте 105 адам қаза тапқан.

350-ден астам тұрғын жараланды. Ресми ақпаратқа сай, соңғы екі аптада атыс-жарылыстан 1 мыңнан астам ливандық мерт болған. 6 мың адам жараланды.

Бұған қоса бір миллиондай адам үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Соңғы екі аптада "Хезболланың" бірнеше жоғары шенді мүшесі де қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.

Сенбіде қозғалыс лидері Хасан Насралла Бейрутте оққа ұшқан. Израиль әскері әуе шабуылдарын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Олардың көздегені – "Хезболланың" зымыранмен шабуылдарынан үйлерін тастап кеткен Израиль азаматтарын елдің солтүстігіне қайтару.

Бұған қоса Израиль армиясы жексенбіде Йемендегі хуситтердің бекіністеріне де оқ жаудырды.

Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды