Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысының жаңа әкімін тағайындады. Бұл қызметке Дастан Рыспеков лайықты деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжатты Ақорданың баспасөз қызметі 2024 жылғы 9 қазанда жариялады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", — деп жазылған ресми құжатта.

Рыспеков Дастан 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласындағы Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті түсімдерді болжау бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2016-2018 жылдары — "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – бас бухгалтері.

2018-2019 жылдары — Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы.

2019 жылдың сәуір айынан бастап "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Қазақстан Молния Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: