ІІМ: Синтетика өндірумен айналысқан есірткі зертханасы жойылды

Фото: Zakon.kz
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Алматы қаласының Жетісу ауданында жалға алынған жеке үйлердің бірінде есірткі зертханасын жойды.

Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалпы салмағы бір жарым килограмнан асатын "aльфа-pvp" синтетикалық психотроптық заты табылып, тәркіленді.

Күдікті ұсталды. Одан салмағы 100 грамнан асатын "синтетика" тәркіленді.

"Ер адам есірткіні байланыссыз тәсілмен өткізбек болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Полиция жыл басынан бері 52 есірткі зертханасын жойды. Заңсыз айналымнан жарты тонна "синтетика" тәркіленді, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.

"Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қазан айынан бастап "синтетика" есірткінің ауыр түріне теңестірілді. Оларды сақтау үшін қылмыстық жауапкершілік бір грамнан басталады. Аталмыш факт бойынша күдікті мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деді спикер.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Найзағай мен нөсер жаңбыр: қазақстандықтарға 8 қыркүйектегі қолайсыз ауа райы туралы ескертілді

Соболенко Рыбакинамен бірінші орын үшін таласқа қатысты пікір білдірді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды