Түркістан облысында полиция браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасы мен қару-жарақ тәркіледі

Фото: Zakon.kz
Созақ аудандық полиция бөліміне "Охотзоопром" инспекторынан хабарлама келіп түсті. Онда аймақта жүрген белгісіз күдікті көлікті тексеру керектігі жеткізілді.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегін анықтады. Жедел уәкілдермен дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде күмәнді Toyota land gruizer көлігі, 16 дана ақбөкеннің ұшасы, 13 дана ақбөкеннің басы, 2 дана пышақ, 58 дана аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 дана жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркілеп алды. Тиісті сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көліктегі күдікке ілінген 4 ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты.

Бұл жайт жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу бойынша тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі