Түркістан облысында үшем дүниеге келді

Фото: pexels
Сайрам ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті OTYRAR басылымы ақпаратынша, Эгамбердиевтер әулетінде ақ түйенің қарны жарылған күн. Бір отбасында дүниеге бірден екі ұл мен қыз келді. Оларға Хасан, Хусан және Фатима деген есімдер берілді.

27 жастағы Назима Эгамбердиева үшін бұл үшінші жүктілік. Көп балалы ананың айтуынша, дүниеге үшем келетінін білгенде отбасы мүшелерінің қуанышы қойнына сыймаған. Нәрестелер жоспарлы кесір тілігі арқылы дүниеге келді. Алғашқы 10 күнде үшемдер дәрігерлердің бақылауында болады.

"Бұл біздің отбасымыздағы үлкен қуаныш. Барлығына бақыт тілеймін! Әрбір отбасыға жұғысты болсын. Бұған дейін менің екі ұлым бар, қазір енді отбасымызда бес бала", – деді көпбалалы әке Ғиязутдин Эгамбердиев.

Бұған дейін Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды