Алматы облысында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды

Жаңа туған сәби, Алматы облысы, қараусыз ғимарат, Шелек ауылы, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 18:30 Сурет: pixabay
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында қараусыз ғимараттан жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мой Алматы" порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қазанда болған.

Сондай-ақ, полиция шақалақтың анасын ұстады.

"Баланың болжамды анасы ауруханаға жатқызылды", делінген хабарламада.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне жүгінді. Ондағылар бала өлімі фактісін растады.

Бұған дейін Жамбыл облысының Түймекент ауылында арасына бір күн салып екі жасөспірімнің денесі табылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: