Түркістан облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Сурет: Түркістан облысы полиция департаменті
Түркістан облысы Кентау қаласындағы аулалардың бірінде жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық полиция департаменті қазір баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Полиция жариялаған фотодан сәбидің денесі қоқыс жәшігі маңынан табылғанын байқауға болады.
"Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр". Түркістан облысы полиция департаменті
Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр.
Барлық мән-жайды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тергеу нәтижесі бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
"ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады Түркістан облысы ПД.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript