Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалғандар саны артты

Сурет: Маңғыстау облысы әкімдігі
Соңғы ақпарат бойынша Ақтауда ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Ақтау (Маңғыстау облысы) маңындағы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы бойынша 28 адам әртүрлі дәрежедегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Оларға облыстың ауруханаларында барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Оқиға орнына 23 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылды",- делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, бүгін Астанадан Ақтауға құрамында хирургтар, травматологтар бар мамандар бригадасымен санитариялық авиация борты ұшатындығы атап өтілді.

Бұған дейін Ақтау маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырағаны хабарланған болатын. Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе кемесі Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі. Оқиға орнына ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Сондай-ақ, жолаушылардың тізімі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз