Атырау облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті көліктен табылды

Фото: Zakon.kz
Із-түзсіз жоғалып кеткен деп іздеуде жүрген ер адамның мәйіті күтпеген жерден көліктен табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәйітті 7 қаңтарда Индер ауданындағы Елтай ауылының маңында жергілікті тұрғын Жайық өзенінің маңындағы көліктің ішінен тауып алған.

Мәйіт 2024 жылдың тамыз айында із-түзсіз жоғалып кеткен деп іздеуде жүрген 1971 жылы туған ер адамға тиесілі.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Бұған дейін Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз