Еліміздің екі өңірінде жол учаскелері жабылды

Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 8 қаңтар сағат 20:00-де Жамбыл облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының (Жаңа Қордай асуы) бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы мәліметінше, аталған тас жолдың 159-238 шақырым аралығындағы учаскеде (Отар ауылы-Қайнар ауылы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады. Шектеу ескі Қордай асуында енгізілетін болады.

Сондай-ақ  2025 жылғы 8 қаңтар сағат 21:00-ден бастап Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Алматы-Өскемен" тас жолының 276-325 шақырымы, Талдықорған қаласынан Қызылағаш ауылына дейінгі аралықта көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Айта кетсек, синоптиктер 9-11 қаңтар аралығында Қазақстанда циклон жүретінін ескерткен болатын.

Алматы облысы
Тараз
Талдықорған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды