Циклондар мен антициклондар өзгереді: 9-11 қаңтар аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: pexels
2025 жылдың 9-11 қаңтары аралығында циклондар мен антициклондардың ауысуы Қазақстанның барлық аумағында қарама-қарсы ауа райына әкеледі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында бұрқасынмен бірге қар күтілсе, батыста жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады.
"Қазақстан аумағына Атлант және Арктикалық тектес ауа массалары бірін-бірі алмастыра отырып енеді". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Осыған байланысты температураның ауытқуы күтілуде:
- елдің солтүстік жартысы: ауа температурасы -15°С-тан -25°C-қа дейін, түнде -10-18°C-қа дейін ауытқиды;
- оңтүстік бөлігі: температура -10-нан -15°С-қа дейін өзгереді;
- Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында: ауа температурасы -20°С-тан -25°С-қа дейін ауытқиды, түнде -5-13°С-қа дейін, таулы аймақтарда -16°С-тан -21°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Бір қызығы, республиканың батысында ауа температурасының күрт ауытқуы күтілмейді.
Сондай-ақ, мамандардың қорытындысында ел аумағында жел күшейіп, тұман түседі деп болжануда.
Еске салайық, 2025 жылдың 8 қаңтарына қараған түні Алматыны қар басып қалған болатын. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, тазалауға 475 арнайы техника мен 1115 жол жұмысшысы шығарылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript