Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай болады: 9–11 қаңтарға болжам

Алматы, Алматинская телебашня, телевизионная и радиовещательная башня, Кок-Тобе, Кок Тобе, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2026 15:20 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 9–11 қаңтар аралығына Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Мамандардың мәліметінше, күндіз Алматыда ауа температурасы +9°С-қа дейін, ал Шымкентте +13°С-қа дейін жылынады. Ал Астанада жағдай мүлде өзгеше болады.

Астана

9 қаңтар:

Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 12 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы –17…–19°С, күндіз –7…–9°С.

10 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – 7–12 м/с. Түнде –10…–12°С, күндіз –4…–6°С.

11 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Жел күшеюі мүмкін. Түнде –8…–10°С, күндіз –1…+1°С.

Алматы

9 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі. Түнде –5…–7°С, күндіз 0…+2°С.

10 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман болады. Түнде –3…–5°С, күндіз +3…+5°С.

11 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 8 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде –1…–3°С, күндіз +7…+9°С.

Шымкент

9 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Жел – 5–10 м/с. Түнде –2…–4°С, күндіз +6…+8°С.

10 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман. Желдің екпіні 14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде 0…–2°С, күндіз +9…+11°С.

11 қаңтар:

Құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 9–14 м/с. Түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде –20°С аяздан +14°С-қа дейін күрт жылыну болатынын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: