Астана, Алматы, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша 2026 жылғы 13-15 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаңтар айының ортасындағы температура деңгейі әртүрлі болады. Астанада -28°С-ге дейін қатты аяз болса, ал Шымкентте сынап бағаны +14°С-ге дейін көтеріледі деп күтіледі. Алматыда қар жауып, қысқы мезгілге сай табиғи көрініс белең алады. Алайда қатты аяз болмайды: -3°С.
Астана
- 13 қаңтар: аспан бұлтты, түннің бірінші жартысында аздап қар жауады. Кейде тұман, жолдарда көктайғақ болады. Түнде соққан желдің екпіні секундына 14 метрге дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде және күндіз:-14...-16°С.
- 14 қаңтар: аспан бұлтты, аздап қар жауады,боран соғады. Соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: -26...-28°С, күндіз: -20...-22°С.
- 15 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: -26...-28°С, күндіз: -18...-20°С.
Алматы
- 13 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ақырын жел соғуы мүмкін. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +6...+8°С.
- 14 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +3...+5°С.
- 15 қаңтар: аспан бұлтты, кешке жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде тұман болады. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз +1...+3°С.
Шымкент
- 13 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Соққан желдің екпіні секундына 5-10 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +1...+3°С, күндіз: +12...+14°С.
- 14 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: 0...+2°С, күндіз: +12...+14°С.
- 15 қаңтар: аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +8...+10°С.
Бұған дейін метеорологтар Қазақстанда қыс мезгілі әлі де өз қаһарына мінетінін ескерткен болатын. 2026 жылғы 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамына сәйкес, елімізде -38°С-ге дейін аяз болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript