Астана, Алматы, Шымкент: 12-14 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Алматы, Астана, Шымкент, ауа райы болжамы, 12 ақпан, 13 ақпан, 14 ақпан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2026 17:32 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылдың 12-14 ақпанына арналған еліміздің үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы үш күнде Астанада қатты аяз болады, ал Алматы мен Шымкентте жауын-шашын мен боран түрінде қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана бойынша ауа райы болжамы

  • 12 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, күндіз 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -24...-26°С, күндіз: -16...-18°С.
  • 13 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -25...-27°С, күндіз: -12...-14°С.
  • 14 ақпан: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -21...-23°С, күндіз: -8...-10°С.

Алматы бойынша ауа райы болжамы

  • 12 ақпан: аспан бұлтты, кейде қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: 0...+2°С.
  • 13 ақпан: аспан бұлтты, түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +1...+3°С.
  • 14 ақпан: аспан бұлтты, түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктағақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -2...-4°С, күндіз: +3...+5°С.

Шымкент бойынша ауа райы болжамы

  • 12 ақпан: аспан бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, боран, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -1...-3°С, күндіз: +3...+5°С.
  • 13 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +7...+9°С.
  • 14 ақпан: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жаңбыр жауады. Кейде тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +2...+4°С, күндіз: +8...+10°С.

Бұған дейін синоптиктер еліміз бойынша 2026 жылғы 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: