Астана, Алматы, Шымкент: 2026 жылдың алғашқы үш күніне арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 2026 жыл, 1 қаңтар, 2 қаңтар, 3 қаңтар , сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2025 19:48 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды.Оған сәйкес, 2026 жылдың 1, 2 және 3 қаңтарында еліміздің үш ірі мегаполисінде жауын-шашын, көктайғақ, аяз болып, боран соғатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

  • 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде қар жауып, боран соғады. Жолдарда көктайғақ болады. Батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 9-14 м/с, түндегі екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -13...-15°С, күндіз: -5...-7°С.
  • 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде: -14...-16°С, күндіз: -4...-6°С.
  • 3 қаңтар: аспан бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: -11...-13°С, күндіз: -3...-5°С.

Алматы

  • 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз: 0...+2°С
  • 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +3...+5°С.
  • 3 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: -1...+1°С, күндіз: +5...+7°С.

Шымкент

  • 1 қаңтар: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +5...+7°С.
  • 2 қаңтар: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: 0...-2°С, күндіз: +7...+9°С.
  • 3 қаңтар: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде: +3...+5°С, күндіз: +8...+10°С.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылғы қаңтар айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: