Синоптиктер еліміз бойынша 7 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады

Қыс, ауа райы болжамы, 7 қаңтар, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2026 17:35 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК-ның синоптиктері еліміз бойынша 2026 жылғы 7 қаңтар, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республикамыздың солтүстігінде, шығысында және орталық бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал еліміздің шығысы қалың қарға оранады.

"Қалған аумақта ауа райы жауын-шашынсыз болады", - дейді метеорологтар.

Рождество күні бүкіл республикада белең алатын ортақ табиғи құбылыстарға тұман, көктайғақ және желдің екпін алуы жатады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің ірі үш қаласы бойынша алдағы үш күнге (7,8,9, қаңтар) арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: