"Жаңбыр, көктайғақ". Еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Қазақстан, 25 наурыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 16:32 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 25 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР-дың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, солтүстік өңірде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ болады, сондай-ақ жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Еліміздің тек батысында, оңтүстік-шығысында  жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның барлық өңіріне тұман көрініс тауып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал". "Қазгидромет" РМК

Алдында синоптиктер 24-26 наурыз аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларына қатысты ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: