Синоптиктер демалыс күндеріне ауа райы болжамын жариялады
Фото: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметінше, кең ауқымды антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Жауын-шашын (жаңбыр және қар) республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жер-жерде өтеді. Бұл өңірлерде жел күшейіп, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Түнгі және таңғы уақытта ел бойынша тұман түседі.
Алдағы үш күндегі ауа температурасы төмендегідей болады:
- Батыс: күндіз +5…+13°C.
- Оңтүстік: +12…+20°C.
- Оңтүстік-батыс: +10…+20°C-тан +7…+16°C-қа дейін төмендейді.
- Солтүстік-батыс: +3…+15°C-тан -3…+10°C-қа дейін төмендейді.
- Солтүстік: +3…+8°C-тан -3…+5°C-қа дейін төмендейді.
- Орталық: +1…+7°C-тан +5…+10°C-қа дейін жоғарылайды.
- Шығыс: -10…+5°C-тан +1…+12°C-қа дейін жылынады.
- Оңтүстік-шығыс: +8…+16°C.
- Таулы өңірлер: -2…+8°C-тан +11…+19°C-қа дейін, кей жерлерде +2…+7°C.
Бүгін, 2025 жылғы 14 қарашада, Қазақстанның бірден жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) жарияланды. Осыған байланысты тұрғындарға ашық ауада серуендеуді шектеу ұсынылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript