Нөсер, найзағай және тұман: синоптиктер 27 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Сурет: unsplash
Болжам бойынша, батыста, шығыста және елдің оңтүстік таулы аймақтарында жауын-шашын болады, ал батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауады.
Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі, ал оңтүстік-батыста найзағай, батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерде жел күшейеді.
Өрт қаупі жоғары аймақтар: Ұлытау облысы, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысы, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығы, Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығы, Алматы және Қарағанды облыстарының батысы, Қостанай мен Ақмола облыстарының оңтүстік-батысы, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігі.
Төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және Ұлытау облысында күтіледі.