Алдағы үш күнде Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болады
Бұдан шығатыны, екі қалада аяз -15°С-қа дейін төмендеп, жаңбыр қарға айналады.
Астана
6 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -6-8°С, күндіз -2-4°С аяз.
7 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, боран соғады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4°С аяз.
8 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -13-15°С аяз.
Шымкент
6 қаңтар: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -2-4°С аяз, күндіз +7+9°С жылы.
7 қаңтар: көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр қарға айналады), кешке көктайғақ, кей уақытта тұман. Оңтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°С аяз, күндіз +8+10°С жылы.
8 қаңтар: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, тұман түседі, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 8-13, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С аяз.