Интимдік сипаттағы материалдарды таратқан қылмыстық топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ тергеу департаменті трансұлттық ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша көп эпизодты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

2023 жылдың тамыз айында ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөліністерімен бес ірі қалада (Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе) Қазақстан мен жақын шетелдердің азаматтары ұсталды.

Олар модельдік агенттіктің атын жамылып, Web-Cam арқылы интимдік сипаттағы материалдарды дайындаумен және таратумен айналысқан.

Қылмыстық бизнеске 18 жастан 25 жасқа дейінгі қазақстандық қыздар тартылған. Қылмыстық топтың ақша айналымы үш миллиард теңгеден асқандығы анықталды. Қылмыстық іс бойынша 21 адам күдікті деп танылған. Олардың мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

"Өткен жылдың желтоқсан айында осыған ұқсас қылмыстық сызбаның жолы кесілді. Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының үйлестіруімен аумақтық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің жедел уәкілдері бір мезгілде еліміздің 11 өңірінде аталған қылмысқа қатысы бар 50-ден астам адамды құрықтап, жеткізді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҰҚТ құру және оған қатысу фактісі бойынша жүргізілуде," – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев пен Путин достық пен тату көршіліктің жеті негізі туралы мәлімдеме қабылдады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі

Ресей Қазақстан экономикасына инвестиция салатын ең ірі үш елдің қатарына кіреді

Зорлық-зомбылық жасады деп айыпқа ілінген ХҚС Бас прокуроры отставкаға кетіп тынды

Ерлан Қарин: Президенттің тапсырмасы орындалды – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО тізіміне енді