Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: айыпталушы оқты абайсызда атқанын мәлімдеді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында мерзімді сарбаз Марат Барқұловты өлтіру ісі бойынша айыпталған "Батыс" өңірлік қолбасшылығының 25744 әскери бөлімі взводының экс-командирі Дамир Досовтан жауап алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

22 жастағы зениттік-артиллериялық взводтың экс-командирі Дамир Досов 2024 жылдың 7 қыркүйегінде кезекшілікке түскенін мәлімдеді. Ол қаруды қабылдап алғанда майор Бағдат Майлиев тапаншаның оқтаулы екенін айтпаған және нұсқама жүргізбеген. Досов қаруды алып, оның бекітпесін босатқанын артынша шертіп, онда оқ-дәрінің жоқтығына көз жеткізгендігін алға тартады.

"Мен кінәмді мойындамаймын, себебі мұны әдейі істеген жоқпын. Шатырға мылтықпен мақтанып, оны ары-бері бағыттап кірген болатынмын, сол сәтте абайсызда шертпені басып қалдым. Бәрі оқыстан болды. Өзім түсінбестен бірнеше секундқа қатып қалдым. Барқұловпен араз болмағанбыз. Ата-анасынан кешірім сұраймын",- деді Дамир Досов.

Лейтенант өзі туралы Алматыдан шыққанын, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында жоғары білім алғанын айтты. Взвод командирі лауазымына қайғылы оқиғадан біраз бұрын ғана тағайындалған. Атасы Ауған соғысының ардагері болғандықтан осы салады қызмет етуді армандаған.

2024 жылғы 7 қыркүйекте Ақтаудағы взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Салдарынан мерзімді сарбаз Марат Барқұлов көз жұмды. Бұған дейін сот ісінде оқиғаның қалай болғандығын мерзімді сарбаз Махсым Дангаров айтып, куәлік еткен болатын.

Ақтау
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті