Алматыда пәтер ұрылары қолға түсті

Фото: pxhere
Алматы қаласының Алатау ауданында пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды. Олар бұған дейін де мүліктік қылмыстар жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі таңда күдіктілердің "Мәдениет" және "Қарасу" шағын аудандарында кемінде төрт пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Олар жеке үйлердің бірін тонап шыққан сәтінде қолға түскен. Тұрғын үйден алынған алтын бұйымдар ломбардқа өткізілген.

Күдіктілердің қозғалыс бағыты бейнебақылау жүйелері арқылы анықталды. Тергеу барысында бұл екі адамның бөтеннің мүлкін ұрлаудың төрт дерегіне қатысы бар екені белгілі болды. Қазір олар қамауға алынды.

Қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес тергелуде, сондықтан тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сонымен қатар ҚР Конституциясының 77-бабының 3-бөлігі, 1-тармағына және Қылмыстық кодекстің 19-бабының 1-тармағына сәйкес, кез келген азаматтың кінәсі сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін дәлелденбеген болып есептеледі.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді