Таразда 33 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденген күдікті әйел ұсталды

Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық прокуратураның үйлестіруімен 35 жастағы Тараз қаласының тұрғынын бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің облыс орталығында кеңсе ашып, әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, "қайтарымсыз несие" беремін деген уәделермен адамдарды алдап келгені анықталды.

Ол өзін микрокаржылық ұйымдарда заңгер болып қызмет еткен, осы салада мол тәжірибесі бар маман ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кірген. Нәтижесінде күдікті 71 азаматты алдап, оларға жалпы сомасы 33 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Жәбірленушілер арасында тек Тараз қаласының емес, Жамбыл облысының түрлі аудандарында тұратын тұрғындар да бар. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Қайта жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау және оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Жамбыл облысының полиция департаменті, егер осы азаматшаның әрекеттерінен зардап шеккендерге тұрғылықты жеріндегі полиция бөліміне жүгінуін сұрайды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек