Атыраудың көп балалы тұрғыны депутаттықта отырған экс-күйеуін тұрмыстық зорлық жасады деп айыптады

Сурет: Instagram/nurzhamal_13
Атырау қаласының тұрғыны Нұржамал Тәжғалиева Атырау облыстық мәслихатының депутаты, бұрынғы күйеуі Айбар Ерекешовті жүйелі түрде ұрып-соғып, қорлап, қудалады деп айыптады. Бұл туралы полиция не дейді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

2025 жылдың 2 ақпаны қарсаңында кәмелетке толмаған төрт баланың анасы Мемлекет басшысына бейне хабарлама жазды.

"Бүгінгі күнге дейін мен бұрынғы күйеуім Ерекешов Айбардың жүйелі түрде ұрып-соғу, қорлау және қудалау әрекеттері туралы ешкімге тіс жармадым. Оған себеп, мен балаларымның болашағына алаңдап, өз өмірім үшін және маған жақын адамдардың өмірі үшін қорықтым. Оның тарапынан үнемі қорқытулар болғандықтан, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар мен ұрып-соғуды қоғамдық резонансқа шығармадым. Біз 2023 жылдың қыркүйегінде ажырастық. Мен оның мансабына ешқандай кедергі келтірмедім, тіпті оның әрекеттері жайлы біреуге айтуды ойламадым, одан алимент пен балаларымызды асырауға көмек талап етпедім, өйткені одан некелік өмірімнің өзінде ешқашан моральдық, материалдық қолдау мен көмек болған емес", – деді Нұржамал Тәжғалиева Қасым-Жомарт Тоқаевқа.

Бірақ, көпбалалы әйелдің айтуынша, бүгінгі таңда Айбар Ерекешов өзінің депутаттық жағдайын пайдаланып, төрт баланы да заңды түрде алып кеткісі келеді.

"Сондықтан мен енді үндемей тұра алмаймын! Бұл менің көп балалы ана ретінде, оның ішінде бір мүгедек баланың анасы ретінде жан айқайым. Біздің некеміздің 12 жылында ол мені жүйелі түрде мазақ етті, қорлады, ұрды-соқты, бетіме түкірді, тізе бүктірді, әсіресе 2015, 2018 және 2023 жылдары сәбилерімді емшек сүтімен емізу кезінде қатты ұрып, орташа ауырлықтағы дене жарақатын жасады". Нұржамал Тәжғалиева

Ол полицияға екі рет арыз бергенін баса айтты:

"Отбасылық өмірімде ұрып-соғу әрекеті әлдеқайда көп болды, бірақ ол көгеріп қалмас үшін қайдан ұру керектігін білетін", – деп түйіндеді Нұржамал Тәжғалиева.

Өз кезегінде облыстық полиция департаменті осы факті бойынша қазіргі уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Жазбада жарияланған фотосуреттер 2018 және 2023 жылдары түсірілген. 1987 жылы туған азаматқа қатысты оның өтініші бойынша 2018 және 2023 жылдары қорғаныс туралы бұйрықтар шығарылды, олар кейіннен жәбірленушінің өтініші бойынша кері қайтарылды. Алайда, 2024 жылы азаматтың да, оның бұрынғы жұбайының да өтініштері бойынша қорғаныс туралы бұйрық қайта шығарылды. Қолда бар мәлімдемелерге сәйкес, тараптар бір-бірін телефон қоңырауларымен бірнеше рет мазалаған. Полиция қызметкерлері заңнама шеңберінде барлық қажетті шараларды қабылдағанын хабарлаймыз". Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстағандығы хабарланған болатын.

Атырау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты