Қарағанды облысында полиция мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстады

Қарағандылық полицейлер көлікті мас күйінде тізгіндеген шетел азаматын тұтқандады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол сақшысы көліктердің бірін тоқтатып, оны тексеру кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісі шыққанын байқаған. Медициналық тексеріс жүргізіліп, жүргізушінің орташа деңгейде мас болғаны белгілі болды.
Сотқа материалдар әзірлеу барысында полиция қызметкерлері ереже бұзушының көршілес мемлекеттің азаматы екенін және оның елде болу мерзімі белгіленген құжатының уақыты өткенін анықтады.
Алкогольдік масаң күйде көлік басқару және көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактісі бойынша шара қолдану мақсатында материалдар сотқа жолданды.
Бұған дейін Павлодарда ер адамның өз көлігін өзі тонағаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript