Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды

Астанада мас күйде көлік жүргізген судья ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.11.2025 16:56 Сурет: Zakon.kz
Астанада түнгі рейд кезінде полиция қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған судьяны ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция рейд кезінде Mazda маркалы автокөлігін тоқтатып, жүргізушінің жағдайына күмән келтірген. Медициналық сараптама нәтижесінде әйелдің алкогольдік мас күйде болғаны дәлелденді.

Тексеру барысында жүргізушінің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы екені анықталған. Қазір ол сараптамаға жіберіліп, автокөлігі айып тұрағына қойылды.

"Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылып, тексеру жүргізіліп жатыр. Көлікті мас күйінде басқару – заңның өрескел бұзылуы және айналадағы адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай құқықбұзушылықтар қатаң түрде тоқтатылады", - деп мәлімдеді Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты қызметтік тексеру басталды.

Құқық қорғау органдары атап өткендей, мас күйінде көлік басқару фактісі бойынша жауапкершілік барлық азаматтарға бірдей қолданылады – заң алдында ешкімнің артықшылығы жоқ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: