Талдықорғанда мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды

Талдықорғанда мас күйде көлік жүргізген ер адам ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 18:44 Сурет: polisia.kz
Талдықорғанда полиция мас күйде көлік жүргізген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

13 қаңтарда Талдықорғанда полицейлер күдікті Toyota Carina көлігінің жүргізушісін тоқтатқан. Жүргізуші 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты, тексеру нәтижесінде оның көлік құралын мас күйінде басқарғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша әкімшілік іс жүргізіліп, сот отырысының қорытындысы бойынша жүргізуші 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сонымен қатар оған 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: