Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды

Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2025 17:52 Сурет: polisia.kz
Жамбыл облысында есептегі азамат мас күйде көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Есептегі тұлға жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде Жуалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері құқық қорғау органдарында есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша аралап, 144 адамды тексерді. Бірқатар қоғамдық тәртіп пен белгіленген шектеулерді бұзу деректері анықталды.

Атап айтқанда, сотпен ерекше талаптар белгіленген аудан тұрғыны мас күйінде рульге отырған. Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Көлік құралын алкогольдік мас күйінде жүргізушінің басқаруы), ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы (Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамау) бойынша жауапқа тартылды. 

Белгіленген шектеулерді есептегі тағы екі тұрғын бұзды. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша «нашақор» санатына есепке қойылған тұлғалар жауапкершілікке тартылды. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: