Ақмола облысында әкім орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынды
Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Сот Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары "Б-ға" қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралын мас күйінде басқару) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады", - делінген Көкшетау әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының хабарламасында.
Сотта шенеуніктің көлікті орташа мас күйінде басқарғаны анықталып, оны полиция қызметкерлері тоқтатқаны атап өтілген. Сот қаулысымен ол 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
"Сонымен қатар шара қолдану мақсатында сот облыс әкімінің атына қол астындағы қызметкерлердің құқық бұзушылық жасағаны туралы жеке қаулы шығарды.Сот актілері заңды күшіне енген жоқ", - делінген баспасөз хабарламасында.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript