Солтүстік Қазақстан облысында жүргізуші мектеп автобусын мас күйде айдаған

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 17:47 Сурет: polisia.kz
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мектеп автобусын мас күйде айдаған жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақжар ауданында тәртіп сақшылары 10 және 12 жастағы екі оқушы, сондай-ақ мұғалім отырған мектеп автобусын тексерді.

Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру оның мас екенін көрсеткен. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды.


Сот шешімімен 45 жастағы жүргізуші 15 тәулік мерзімге қамалып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: