Павлодар облысында мас күйінде көлік айдаған мектеп директорын жұмыстан босатты

Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2023 16:43 Сурет: pavlodarnews.kz
Павлодар облысында мас күйінде көлік айдаған мектеп директорын жұмыстан босатты. Ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында мас күйінде көлік жүргізген ауыл мектебі директорына қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанына қарамастан, оның жасаған әрекеті  сот-медициналық сараптаманың қорытындысы және полиция қызметкерінің жетонындағы бейнежазбамен дәлелденді. Сот оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жаза қолданды. 

Іс материалдары бойынша, Павлодар ауданындағы мектептерінің біріндегі директоры масаң күйде рөлге отырғаны белгілі болды. Білім беру бөлімінің хабарлауынша, әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысында оған тәртіптік жаза қабылданды–қатаң сөгіс пен атқарып жатқан қызметтен босату.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: