Түркістан облысының тұрғындары мас күйінде көлік айдаған полицейді ұстап алды
Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы Қарабұлақ ауылының тұрғындары қызметтік формадағы мас полицейлерді ұстады. Видео авторының айтуынша, полицей көлікті мас күйінде айдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автордың айтуынша, видео 30 наурыз күні сағат 23:22 шамасында түсірілген.
Оның сөзінше көлікте үш полиция қызметкері болған, барлығы мас. Кадрлардан полицияға жергілікті тұрғындардың көптеп қысым жасағаны байқалады. Видеода олардың қашып кетпек болғаны айтылған.
Түркістан облысының полиция департаменті аталған факті бойынша департамент басшысының тапсырмасы бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
3 сәуірде істі тәртіптік комиссия қарайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript