Қонаевта бір топ жасөспірім қатарласын аяусыз соққыға жыққан

Фото: pexels
Қонаевтың кіре берісіндегі көпірдің асты әлімжеттік көрсетушілердің орнына айналды. Мұнда 2 ақпан күні 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бала жансақтау бөлімінде. Болған оқиға жайлы 3 ақпанда журналист Гүлмира Ақыбай өзінің Instagram парақшасында егжей-тегжейлі жазды. Оның айтуынша, қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді.

Қазір жасөспірім ауруханада емделуде, оның жағдайы тұрақты. Жәбірленушіге психологиялық көмек көрсетілді. Алматы облысының білім басқармасы мән-жайларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын хабарлады. Іс полицияда тіркелді, тергеу шаралары жүргізілуде. Аймақтың білім басқармасы оқиғаны тергеу барысын жеке бақылауға алды.

Бұған дейін Жаңаөзендегі балабақшалардың бірінде балалар жаппай астан уланғаны хабарланған болатын.

Қазақстан
Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді