Жаңаөзендегі балабақшалардың бірінде балалар жаппай астан уланды

Жаңаөзен қаласының Қызылсай ауылында мектепке дейінгі мекемелердің бірінің тәрбиеленушілері жаппай астан уланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Lada.kz редакциясына 3 ақпанда Жаңаөзен қаласының тұрғындарынан мектепке дейінгі мекеменің 100 тәрбиеленушісінің тамақтан уланғаны туралы ақпарат келіп түскен. Кейбірі ауруханаға қаралуға барған.
Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 31 қаңтарда сағат 20:13-те жедел жәрдем қызметіне іштің ауыруына шағымданған тұрғындардан шақырту түскенін хабарлады. Дәрігерлер 37 адамды тексеріп, олардың төртеуі – бір ересек және үш бала – ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына амбулаториялық тұрғыда ем алу тағайындалды.
Қазіргі уақытта балабақша жабық, тиісті органдар тексеру жүргізуде.
Айта кетсек, Қостанай облысында үш бала мен олардың атасы уланып, көз жұмған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript