Бурабайда бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды

Аурухана, астан улану, Бурабай, қонақ үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2023 21:24 Сурет: primeminister.kz
Бурабайдағы бес жұлдызды қонақүйдің қызметкерлері жаппай астан уланды. Қазір медициналық көмекке жүгінген 17 адамның тоғызы Көкшетаудағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалғанының жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, барлық науқасқа бактериялық ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Қазір қонақ үйдің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды "Хабар 24".


"Қазір қонақүйдің мейрамханасынан су, тамақ өнімдері мен шайындылардан  40-қа жуық сынама алынып, зертханаға жіберіледі. Алғашқы қорытындысы 3 күн аралығында белгілі болады. Басқа қызметкерлерден әзірге шағым түскен жоқ". Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: